Маңғыстау облысында жаңа судьялар тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында жаңа судьялар тағайындалды

Маңғыстау облысында жаңа судьялар тағайындалды

Маңғыстау облысының соттарында кадрлық өзгерістер орын алды. ҚР Президентінің 2014 жылдың 6 мамырындағы №816 Жарлығымен Маңғыстау облыстық сотның қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы болып Хайруллин Рахметолла Сайфоллаұлы тағайындалды.

  • 13 Мамыр 2014
  • 555
Фото - Caravan.kz

«Рахметолла Хайруллин 1957 жылы 9 мамырда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Осыған дейін прокуратура органдарында жұмыс істеп, аудандық сот төрағасы, Ақтөбе, Атырау облыстық соттарының аппеляциялық алқасының төрағасы қызметтерін атқарған», — деп хабарлады баспасөз қызметінің қызметкері Алмас Қуанбай.

Сондай-ақ жоғарыда аталған Жарлықпен Маңғыстау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне осыған дейін қылмыстық істер бойынша Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметіндегі Шаров Гафур Хамзеұлы тағайындалды.

Сонымен қатар мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы қызметіне Жаңаөзен қалалық сотының судьясы қызметінен босатылған Нұрышева Жанар Болатқызы тағайындалды.

В Мангыстауской области назначены новые судьи