Үкімет капиталға рақымшылық жасау туралы заң жобасын әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет капиталға рақымшылық жасау туралы заң жобасын әзірледі

Үкімет капиталға рақымшылық жасау туралы заң жобасын әзірледі

Қазақстан үкіметі мүлікті заңдастыру туралы заң жобасын дайындап шықты. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

  • 13 Мамыр 2014
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Үкімет заңдастыру туралы заң жобасын әзірлеп шықты. Онда ақшаны ғана емес, жылжымайтын мүлікті де заңдастыру қарастырылған», — деді Б.Сағынтаев сейсенбі күні президент жанындағы ОКҚ өткен брифингте.

Оның айтуынша, құжат үкіметтің бүгінгі отырысында талқыланды.

Вице-премьер – Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, мүлікті заңдастыру 2014 жылдың 1-қыркүйегі мен 2015 жылдың 31-желтоқсаны аралығында өткізіледі.

Әзірленген заң жобасы бойынша, азаматтар қаражат, құнды қағаздар мен заңды тұлғның жарғылық капиталындағы үлесін де заңдастыра алады.

«Пайдалану мақсатына сай, заңды жерге және барлық құрылыс талаптары мен нормаларына сай сайлынған құрылыс нысандарын да заңдастыруға болады», — деді Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар, азаматтар республикадан тысқары жерлердегі жылжымайтын мүліктерін де заңдастыра алады.


«Жекелеген қылмыстар, соның ішінде, тұлғаға, адамның конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандығына, мемлекеттік конституциялық құрылымы мен қауіпсіздігіне қарсы бағытталған, сондай-ақ, жемқорлық жолмен немесе мемлекеттік қызмет мүддесіне қайшы келетін заң бұзушылықтар арқылы табылған мүлік заңдастырылмайды», — дейді Б.Сұлтанов.

Заңдастырылған қаржы екінші деңгейлі банктерден ашылатын арнайы жинақтау шоттарына аударылады.