Иракта бірнеше теракт салдарынан 25 адам мерт болып, 80-нен астам адам жарақат алды
Ирак астанасы Бағдат қаласы мен оның маңында болған төрт жарылыс салдарынан кемінде 25 адам қайтыс болып, 80-нен астам адам жарақат алды, деп бүгін жергілікті билік мәлімдеді.
13 Мамыр 2014
427
Фото - Caravan.kz
Екі бомба Мадинат-эс-Садра маңы мен қаланың өзінде тұрғын үйлердің қасында жарылды.
Тағы бір жарылыс Бағдаттың шығысына қарай Жәмилә ауданындағы сауда көшесінде болды.
Төртінші теракт полициялық блок қосын маңында болды.