«Біз үкімет пен мемлекет басшысына хат жолдадық, бұл жүйені ерікті түрде дамытуға шешім алдық. Жыл соңына дейін біз осы жүйені құру нұсқасын ұсынамыз», — деп Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясы фракциясының кеңейтілген жиыны барысында депутаттардың сұрағына берген жауабында атап көрсетті.
Бүгінгі таңда төлем карточкалары бойынша операциялар екінші деңгей банктерінің процессингтік орталықтары арқылы жүргізіледі. Олар оннан асады. Біз Visa, MasterCard және т.б. халықаралық төлем жүйелерінің қатысушымыз. Ресейде ұлттық төлем жүйесін құру туралы қызу талқы жүріп жатқанын білесіздер. Олар бір жағынан Visa жүйесінен жартылай бас тартуда, түрлі жаңа жүйеге қызығушылық бар. Олар өздерінің жаңа, ұлттық төлем жүйесін құрады. Біз үнемдірек шешім тапқымыз келеді, барлық әлемдік төлем жүйелерімен ынт ынтымақтасып, Visa, MasterCard жүйелерімен осыны жалғастырғымыз келеді, бәлкім қытайлық UniPay жүйесімен ынтымақтасу мәселесін қарастырамыз, ресейліктермен ынтымақтастық жүргіземіз. Бізде бұл мәселені пысықтауға саяси шешім бар», — дейді ол.