Семейде тұрғындар дәретхана үшін жаға жыртысуға дейін барды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде тұрғындар дәретхана үшін жаға жыртысуға дейін барды

Семейде тұрғындар дәретхана үшін жаға жыртысуға дейін барды

Семейде 2 қабатты ескі үйдің тұрғындары нәжіске бола жаға жыртысуға дейін барды. Кәріз құбыры көптен бері бітеліп қалса да, үстіндегі пәтер иелері дәретханаға баруын тоқтатпайды екен. Салдыранын нәжістің барлығы төменгі қабаттағы үйлерге ақтарылып жатыр. Бірнеше айдан бері қолаңса иіске тұншыққан тұрғындар не істерін білмей дал болуда. Ал бітелген құбырды тазалайтын тірі жан жоқ.

  • 14 Мамыр 2014
  • 192
Фото - Caravan.kz

Семейдің шетіндегі мына ескі үйде негізінен зейнеткерлер тұрады. Көптен бері қолаңса иіске тұншығып, мазасы кеткен тұрғындарға бүгін  нәжіске бола шу шығаруға тура келді. Кәріз құбыры көптен бері бітеліп қалса да, үстіндегі көршілері дәретханаға баруын тоқтатпайды екен. Салдыранын лас су төмендегі пәтерлерге құйылған.

Бижамал Исабекова, Семей қаласының тұрғыны

-Ваннаның жері, кафельдің үсті суға толып тұрады. Резеңке етік киіп, шал шығарады! Ванна, унитаз толып тұрады.

Тұрғындар бірнеше айдан бері осындай жағдайды бастан кешіруде.  Қолқаны қапқан иістен ауыра бастаған зейнеткерлер ақыры жоғарыдағы көршілерінен дәретке отырмауды сұрапты. Бірақ, олардың тоқтайтын түрі жоқ.


Мұхтар Әубәкіров, Семей қаласының тұрғыны:

-Көршілердің үлкен де, кіші дәреті де бізге келеді. Қанша даулассақ та, көнбейді. Не істерімізді білмейміз!

Амалы таусылған қариялар еңкеңдеп жүріп, жиылған сасық суды шелектеп сыртқа шығаруда. Пәтер ішін жағымсыз иіс жайлағандықтан, күні бойы далада жүреді. Көршілеріне жан айқайын жеткізбек болған тұрғындар бүгін тағы дауласып тынды.

-Жауапты мамандар мұндағы кәріз құдықтарына жыйылатын нәжісті күнделікті шығарып отыратындарын айтады. Ал үй ішіндегі құбырды тазалау тұрғындардың міндеті екен. Жекенің иелігі болғандықтан, шенеуніктер оған араласуға хақымыз жоқ деп қысқа қайырды.