Атырау бірнеше күн газсыз қалады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау бірнеше күн газсыз қалады

Атырау бірнеше күн газсыз қалады

Атырау қаласы мен бірқатар облыс аудандарында тұтынушылар бірнеше күн бойы табиғи газсыз қалады.

  • 10 Қыркүйек 2014
  • 282
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  «ҚазТрансГазАймақтың» өндірістік филиалынан хабарлады.

Жөндеу жұмыстарына байланысты 16-19 қыркүйек аралығында  Атыраудың сол жағалауына газ беру тоқтатылады. Бұлар — Привокзальный, Жилгородок, Балықшы, сондай-ақ  Мақат ауданындағы  Доссор кенті.

«Бұдан басқа 20 — 24-і қыркүйек аралығында Атырау қаласының оң жағалауындағы Авангард, Абая алаңы, Лесхоз шағынаудандары, Махамбет және Индер аудандары»,-деп түсіндірді «ҚазТрансГазАймақтың» өндірістік филиалынан.