Тоқаев ресми сапармен Брюссельге барады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев ресми сапармен Брюссельге барады

Тоқаев ресми сапармен Брюссельге барады

22-23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады

  • 21 Маусым
  • 2
Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сапар аясында Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.

Сапар бағдарламасында Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу қарастырылған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді.