Германияда химия зауытында болған қопарылыс салдарынан үйлер қирады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияда химия зауытында болған қопарылыс салдарынан үйлер қирады

Германияда химия зауытында болған қопарылыс салдарынан үйлер қирады

Германиясының солтүстігіндегі Бремен қаласында орналасқан химиялық зауытта аса қуатты жарылыс болды.

  • 10 Қыркүйек 2014
  • 356
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы сәрсенбі күні Bild газетінің электронды нұсқасында хабарланды.

«Жарылыс тіпті оншақты шақырымдай қашықтықтан да естілді. Оқиға орнына жақын жерлердегі үйлер зақымданды»,- деп мәлім етті басылымға полиция комиссары.

Газеттің ақпаратына қарағанда, зауыт ғимараты қираған. Тұрғындарға үйлерінен шықпаулары жөнінде кеңес берілді. Қазіргі уақытта апат орнында 300-ге жуық өрт сөндіруші және 60 полицей жұмыс істеуде. 

Германдық Риттерхудте (Төменгі Саксония жері) химия зауытында болған жарылыс қаланың бірқатар тұрғын үйін қиратты, деп хабарлады сәрсенбіде АП агенттігі.

Полицияның деректеріне қарағанда, 30-40 үй бүлінген, бірнеше адам жарақат алған, қаза болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.


Қопарылыс сейсенбіде кешке болды, алдын-ала бағалауларға қарағанда, кәсіпорында газдың шығып кетуі ықтимал болған. Алайда әзірге кәсіпорынға кіру мүмкін болмағандықтан, оның дәл себебі анықталмай отыр.

Қала мэрі Сусанна Гейлз журналистерге атап өткендей, олар бұл кәсіпорынға бұрыннан бері алаңдайды екен. "Оның орны қала емес", деп бірнеше рет айтқан болатынбыз, деді ол.