Целиноград ауданының әкімі ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Целиноград ауданының әкімі ауысты

Целиноград ауданының әкімі ауысты

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен және аудандық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Мәлгаждар Саттарұлы Тәткеев Целиноград ауданының әкімі болып тағайындалды.

  • 10 Қыркүйек 2014
  • 532
Фото - Caravan.kz

Мәлгаждар Саттарұлы Тәткеев 1960 жылдың 8 желтоқсанында бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту  кентінде туған.

Жоғары білімді. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін бітірген, заңгер. Заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1978 жылы тракторшы болып бастады. 1979-1981 жылдары Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеді.  1981 жылдан 2012 жылдың мамыр айына дейін  Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында,  ІІМ, МТК органдарында, қаржы полициясында, жедел және тергеу жұмыстарында қызмет істеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының құқық қорғау органдарында басшылық лауазымдарда  болды. 2012 жылдың маусымынан — Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының басшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кадр саясаты жөніндегі  Ұлттық комиссияның шешімімен конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша «А» корпусының  мемлекеттік  әкімшілік қызметінің  кадрлық резервіне енгізілген. 


«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне  20 жыл»  мемлекеттік мерекелік медальдарымен, мінсіз қызметі үшін құқық қорғау органдарындарының медальдарымен және төсбелгілерімен марапатталған.

Соңғы жұмыс орны 2013 жылдың қазанынан бастап, бүгінгі күнге дейін Зеренді ауданының әкімі болып қызмет істеді.