Астана әкімшілігі тұрғын үй нысандарын салуға жер бөлу талаптарын күшейтті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімшілігі тұрғын үй нысандарын салуға жер бөлу талаптарын күшейтті

Астана әкімшілігі тұрғын үй нысандарын салуға жер бөлу талаптарын күшейтті

Астана әкімшілігі тұрғын үй салуға жер бөліп беруге қатысты жаңа механизм енгізді.

  • 10 Қыркүйек 2014
  • 599
Фото - Caravan.kz

Енді жер телімін игеруге рұқсат беру процедурасы екі кезеңге бөлінген, деп хабарлады қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтеме жасай отырып әкімшіліктің баспасөз қызметі.

Құрылыс компаниялары басында зерттеу, жобалау жұмыстары үшін рұқсат алуы шарт. Бұл мақсат үшін бүкіл санаттағы үй салушылар сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісімшартқа отыруға міндетті.

Шартқа орай, зерттеу, жобалау жұмыстарын жүргізу кезінде үй салушы өзгелердің (үлескерлер) ақшасын тарта алмайды. Бұл кезеңде жер телімі үй салушының меншігіне берілмейді, тек аталған іс-қимылдарды жүргізу үшін ғана беріледі, деді баспасөз қызметінен.

Бұл алақол құрылысшыларды басында-ақ анықтауға мүмкіндік бермек.


Келесі кезеңде жер телімі нысан салуға беріледі. Бұл мәселе де 15 күннің ішінде қаралады. Жер тегін беріледі.Телім үшін жалға алу ақысын үй салушы екінші кезеңде ғана төлейді. Бұл кезеңде құжаттарды ресімдеу мемлекет есебінен жүргізіледі.