Алматы әкімі ескі үйлерді бұзудың жаңа бағдарламасын дайындауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі ескі үйлерді бұзудың жаңа бағдарламасын дайындауды тапсырды

Алматы әкімі ескі үйлерді бұзудың жаңа бағдарламасын дайындауды тапсырды

Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің пікірінше, 1930-1960 жылдары салынған аз қабатты үйлерді бұзу бағдарламасы ойдағыдай жүргізіліп отыр,

  • 10 Қыркүйек 2014
  • 541
Фото - Caravan.kz

ол енді 2015-2020 жылдарға арналған ескі үйлерді бұзу жөніндегі жаңа бағдарлама дайындауды тапсырды.

"Пилотта жоба болған бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетті. Алға қойылған міндеттер уақтылы орындалып отыр. Сол себепті бұрынғы көрсеткіштерді ұлғайтуымыз үшін оны қайта қарауымыз керек", деді ол сәрсенбіде ескі үйлерді бұзу бағдарламасын орындауға арналған жиында.

Оның сөздері әкімшіліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада келтірілген.


"Ең алдымен ескі үйлерді бұзу коммерциялық емес, әлеуметтік жоба", деп еске салып өтті әкім.

Баспасөз қызметінен еске салып өткендей, Алматыда пилотты бағдарлама аясында 61 тұрғын үй салу көзделген.