Астанада АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Дэниел Натан Розенблумбен құқықтық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
И.Меркель және Д.Розенблум екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады, оның ішінде қылмыстық-құқықтық салада келісім базасын және құқықтық көмекті кеңейту және күшейту көзделген, деп хабарлады қадағалаушы органның баспасөз қызметінен.
И.Меркель атап өткендей, Қазақстан бас прокуратурасы өз ара қағидалар негізінде америкалық құзыретті органдармен қылмысқа қарсы ықпалдасу мәселелерін шешуде, қылмыстық істер бойынша және қылмыскерлерді ұстап беруде халықаралық құқықтық көмек көрсету жағынан белсенді жұмыс жүргізіп отыр.