Бір қызығы жұртты алдап соққан азамат Ұлттық техникалық университеттің 3-ші курс студенті екен.Ол оқушыларды мемлекеттік бағдарламамен Мәскеуге олимпиадаға жіберемін деп сендірген. Артынан алданғанын түсінген ата-аналар құзырлы орындарға шағымданады. Бірақ содан бері 5 ай уақыт өтсе де, жұртты алдап соққан азамат әлі ұсталмапты. Сондықтан ашынған ата-аналар бүгін қалалық ішкі істер департаментінің алдына жиналып, мән-жайды білмек болды. Ал ондағылар Жасұлан Мазановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, енді көп ұзамай тұтқындалады деп сендіріп отыр. Бірақ бұған ақшадан қағылған ата-аналар илана қойған жоқ.
Нұрхан Байғожаева, Алматы қаласының тұрғыны:
-Қалай ұстай алмайды оны мен түсінбеймін. Тауық ұрласа соны соттап жатыр. Ал, ол болса 70 мың долларды жинап алып бүкіл ата-ананы отырғызып кетіп отыр. Ол шетелге демалуға барып жүр дейді. Зәулім үй салып жатыр дейді.