-800-ден аса тұрғыны бар Бостандық ауылының тұрғындары болашағына сенімді. Сондықтан да небәрі 700 мың теңгеге сатылып кеткен ескі балабақша ғимаратын өлсек те ешкімге бермейміз деп бекініп отыр.
Бұл – Солтүстік өңірдегі үдере көшпей, қазақы қалпын сақтап келе жатқан Бостандық ауылы. 1997 жылы жұмысын тоқтатқан балабақшаның қаңқасы ғана қалса да, тұрғындар қызғыштай қорып отыр. Бүгін әлдебіреулер аяқасты келіп, сол екі қабатты ғимаратты бұза бастағанда тайлы тұяғымен қарсы шықты.
-Кетсін, кетсін кету керек бұлар. Біз қуып келдік. Әдейі кетсін деп келдік.Бұл не деген масқара емес пе, сұмдық емес пе мынау?
Елімізде жаңа мектеп, балабақшалар салынып жатқанда мына ғимарат та жөнге келер деп күткен жұрт. Алайда әкімдердің былтыр үнсіз сатып жібергенін енді естіп отыр.
Алпысбай Ақылбеков, Бостандық ауылының тұрғыны:
-Қысқасы былай міне, сендер жақсылықпен кетпесеңдер таяқ жейсіңдер! Осыған шейін барамыз, енді мынау не деген масқара! Кетпесе, барып ұрамыз жабыламыз бүкіл елменен.
Қайрат Қалиев, Бостандық ауылының тұрғыны:
-Одан да тастаңыздар кетіңіздер. Не керегі бар. Бірнеше рет айтып жатырмыз. Бұл ғимараттың асты жертөле.96-шы жылға дейін бомбадан қорғаныш орны ретінде болған.
Ал жұмысшыларды бастап Көкшетаудан келген мына азамат қолдарында заңды құжаты бар екенін айтады. Онда ғимараттың 2013 жылы 737 мың теңгеге аукцион арқылы сатылғаны көрсетілген. Тіпті ауыл әкімі де оған қол қойыпты. Бірақ атқамінер өзіне шаң жуытар емес.
Ермек Қайыржанов, Кішіқараой ауылдық округінің әкімі
— Мен сатқан жоқпын, комиссия шешімімен.
-Аукционға сатқанда Сен неге қол қойдың?
-Мен қол қоядым куәгер секілді.
— Алақаныңа бірдеңе түскен шығар қайдан білеміз?
Қазір Ақжар ауданының әкімі ауысқан. Жаңа басшы да «саудаға менің қатысым жоқ» ат тонын ала қашты. Ауданнан күдер үзген бостандық ауылының жұрты мәселені облыс әкіміне де жеткізген екен. Әзірге ол жақтан да хабар жоқ.