Таразда саудагерлер тыным бермей жүрген «телефон лаңкестерін» қатаң жазалауды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда саудагерлер тыным бермей жүрген «телефон лаңкестерін» қатаң жазалауды талап етті

Таразда саудагерлер тыным бермей жүрген «телефон лаңкестерін» қатаң жазалауды талап етті

Телефон лаңкестері Тараздағы кәсіпкерлердің жүйкесін жұқартты. Бір айдың ішінде сауда орнында бомба жатқаны туралы бес мәрте жалған ақпарат түсіп, саудагерлерді әбден әбігерге салған. Тіпті қаскөйлер адам қарасы көп жерде жеңіл көлікті жарып жібермек те болғаны күні кеше. Енді сауда жасауға да қорқып қалған сатушылар жұрттың берекесін алғандарға қатаң шара қолдануды талап етуде.

  • 11 Қыркүйек 2014
  • 421
Фото - Caravan.kz

-Полиция келген бойда үйге қуып жібереді. Бала-шағам үшін келемін, бір басымда 3-4 несие бар.

Бұл базарда бір айдың ішінде телефон лаңкестері бес мәрте қоңырау соғып жұрттың зәре құтын қашырған. Бес мыңға жуық саудагер, бір мезетте орындарынан үдере көшіп, әбден әуреге түсті.    

-Біз ойыншықпыз ба? Бомба деп күліп кетеді. Қашанға дейін жүреміз?.

Бомба бар деген ақпаратқа жұрттың еті үйреніп қалған еді. Алайда Конституция күні болған оқиға жағдайдың әлдеқайда күрделі екенін көрсетті. Белгісіз біреулер жеңіл көліктің ішіне бензин мен газ балондарын толтырып, базардың қақ ортасында жойқын жарылыс жасамақ болған. Абырой болғанда, тұтанып жатқан машинаны күзетшілердің бірі байқап қалып, дер кезінде өшіріп үлгерді.

Нұршай Оспанбекова, кәсіпкер:

-Құдайдың құтты күні бомба, бомба, бомба деп берекемізді алды. Не сауда жоқ, не үйде береке жоқ. Құқық қорғау орындары не қарайды, мен түсінбеймін? Біресе машина қойып кетеді ішіне бензин толтырып, бұл деген шектен шыққандық.

Кәсіпкерлер мұның бәрі саудасы қызып тұрған базарды жапқызу үшін бәсекелестердің жасап жатқан құйтырқы әркеті екенін айтады. Олар осылайша жұртты өздеріне тартуды көздеп отыр екен. Бірақ саудагерлердің бірде-біреуінің үйреншікті жерден кеткісі жоқ. Ал базар басшылығы жұртты сабырға шақырып әлек.


Ерлан Барлыбаев, базар директорының орынбасары:

-Бізге де өте көп зияны тиді. Елдерде үрей пайда болды. Олар үрейленіп базар істейді ме, әлде көшеді ме деп екі ойлы.

Тәртіп сақшылары базарда жарылыс жасамақ болды деген күдікпен 4 адамды қолға түсірді. Әрі олардың телефон арқылы жалған ақпарат бергені де расталған көрінеді. Ұсталғандардың жас шамасы отызға дейінгілер. Өзге мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жарияланбай отыр. Ал шу шығарған кәсіпкерлер осы қаскөйлерді қатаң жазалап, олардың артында кімдер тұрғанын анықтауды талап етуде.