Елімізде көліктерге жаңа салық салынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде көліктерге жаңа салық салынбақ

Елімізде көліктерге жаңа салық салынбақ

Депутаттар «ескі темір тұлпар мінгендер мемлекетке қосымша ақша төлесін» деген тосын ұсыныс жасады.

  • 11 Қыркүйек 2014
  • 317
Фото - Caravan.kz


Депутаттардың ойынша, бұл отандық автоөндірістің дамуына үлкен серпін беретін көрінеді. Өйткені, жүргізушілер тозығы жеткен көлікке қосымша салық төлеуден қашып машинасын жаңартуға мәжбүр болады. Ал, мемлекет осы сәтті тиімді пайдаланып, елімізде құрастырылатын темір тұлпарды сатып алу үшін арнайы субсидия бөлуі керек. Сонда жұрт жаппай отандық көліктерге мінеді екен. Бір қызығы, Ресейде құрастырылған көліктер біздің шекарадан өткенде оған еш салық салынбайды. Алайда көршілеріміз «Қазақстанда құрастырылған» көліктерге салық салады. Бұл экспортқа  шектеу болып отыр, дейді депутаттар. Сондықтан Үкіметтен мәселені тезірек шешуді сұрады.