«Саланы және басқару мәселелерін бұдан ары қарай қайта құру мақсатында Әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңесті, сондай-ақ салалар бойынша көркемдік кеңестерді құру жоспарланып отыр. Олар үйлестіру шараларын қамтамасыз етеді. Менің ойымша, барша еліміздің ауқымында бұндай қадамдар өте маңызды», — деді А. Бөрібаев.
Аталған кеңес Қазақстанның мәдени саясатының тұжырымдамасы аясында құрылмақ.
«Тұжырымдамада бірқатар іс-шаралар қарастырылған. Олар шығармашылық одақтар мен экономиканың шығармашылық секторын қамти отырып, яғни кинематография, театр, цирк, музыка өнері, музей ісі секілді өнердің бөлек салаларын дамытуға бағытталған. Тұжырымдама отандық мәдениетті дамытуға жаңа серпін беруге мүмкіндік жасайды», — деді ол.
Вице-министр аталған тұжырымдама Қазақстанда алғаш әзірленіп отырғандығын атап өтті. «Біз ғалымдарды, шығармашылық одақтарды, азаматтық қоғамды жұмылдырдық», — деді ол.