Ғарыштан Қарағандының туы жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғарыштан Қарағандының туы жеткізілді

Ғарыштан Қарағандының туы жеткізілді

Жезқазған қаласының маңына «Союз ТМА-12М» ғарыш кемесінің  капсуласы келіп қонды. Экипаж ғарыш кеңістігін 175 күн бойы шарлап, аман-есен жерге оралып отыр.

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 202
Фото - Caravan.kz

Ресейлік ғарышкерлер Александр Скворцов, Олег Артемьев және АҚШ астронавты Стивен Свонсон Халықаралық ғарыш станциясына наурыз айында аттанған. Мамандар 50-ге тарта тәжірибе жүргізіп,  700-ге жуық тапсырманы орындапты. Осыған қарамастан олар ғарыштан фото мен бейнероликтер әзірлеп жер бетіндегілерді ара-тұра түрлі мерекелерімен құттықтап тұрды. Жерге сәтті қонған экипаж мүшелерін Қарағанды жұрты әдеттегідей жылы қабылдап, сый-сияпатқа бөледі. Ғарышкерлердің өздері де Қарағандыға тарту жасады.


Александр Скворцов, ғарышкер:

-Біз өзімізбен бірге Қарағандының туын әкелгенбіз. Туға біз ғарышта болғанда кездескен 4 экипаждың мүшелері өз қолтаңбаларын қалдырған. Қарағандыға тартуымыз осы болсын.