Алматыда ұйқыда жатқан 20 отбасыны тірідей өртемек болғаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ұйқыда жатқан 20 отбасыны тірідей өртемек  болғаны анықталды

Алматыда ұйқыда жатқан 20 отбасыны тірідей өртемек болғаны анықталды

Өртті қасақана қойған. Алматыда тірідей өртеніп кете жаздаған отбасылар осындай сараптама қорытындысын көріп жағасын ұстады. Сөйтсе, 20 отбасыны шырт ұйқыда жатқан жерінен әлдебіреулер әдейі өртеп жібермек болған. Өрт салдарынан далада қалған жұртты шошындырып отырған жалғыз бұл жағдай емес. Қыс болса қыр астында, ал баспанасыз қалғандар шиеттей бала-шағамен әлі күркеде тұрып жатыр. Күн суытқалы балалар да жаппай науқастана бастаған. 

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 295
Фото - Caravan.kz

Бұл шатырлардың іші енді жылы емес. Ересек те, бала да бүрсең қағып отыр. Кілең жұқа киіммен қалған жұрт қазір от жағып жылынуда.           

Фарида Жарболова, зардап шегуші:

-Мысалы қазір мен не істерімді білмей отырмын. Қазір мына күн бұлттанып тұр. Жел соғып, суытып тұр. Біздің уайымымыз одан да көбейіп отыр. 

Күн суытқалыбалалар да сырқаттанып қалыпты. 50 адамның бұлайша далада қалғанына тура 1 ай. Осы уақыт аралығында адамдар далада тамақ ішіп, далада жуынатын нағыз кезбелерге айналған.

-Тірідей өртене жаздап, қазір енді далада тіршілік етіп жатқан 20-дай отбасы кешкі астарын әзірлеуге кіріскен. Ал тамақты олар кәдуілгі жер ошаққа дайындап жатыр. Отын ретінде есік алдында өсіп тұрған ағаштарды, болмаса өздерінің жартылай өртеніп кеткен жиһаздарын пайдаланады.

Балалардың біразы әлі сабаққа да бармапты. Тентіреп қалған ата-аналар оқушы заты тұрмақ, ішерге тамақты әзер тауып жүр. Солардың бірі Ардақ. Алапат өртте 3 бірдей адамның өмірін құтқарған жігіт ауыр жарақатынан енді жазылып шыққан.       

— 
Кімге ренжисің? Ренжігеннен не пайда? Балаларды аяйсың. Қайда тұрады? Қалай  мектепке барады?

Бұл үйдегі алапат өрт түн ортасында жұрт шырт ұйқыда жатқанда тұтанған болатын. Екі қабатты ғимараттың тек қаңқасы қалған. Арада бір ай өткен соң өрттің қасақана қойылғаны белгілі болып отыр. Енді атқамінерлер іске кіріспек.

Ілияс Әділ, Түріксіб ауданы әкімінің орынбасары:

-2 айда қалпына келтіруге тырысамыз. Қазіргі уақытта құрылыс компаниясы материалдарымен, адамдарымен, техникасымен бәрі дайын. Ертеңнен бастап үйді тазалауға кірісеміз.

Атқамінерлер өртенген үйді қыс түспей қалпына келтіріп береміз деп ант-су ішіп отыр. Ал оған дейін тұрғындардың жұқа шатырдың ішінде түнеп, қайырымды жандардың көмегімен жан сақтай тұруына тура келеді.