деп мәлімдеді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
«Қазір біз ҚТЖ-мен бірлесе отырып ірі жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Тәулігіне 430 мың тонна өнім өндіретін рельс-арқалық зауытының құрылысы аяқталуға жақын. Оның 200 мың тоннасы рельс болса, қалғаны жоғары сұрыпты жайма болып табылады. Жобаның жалпы құны 72 млрд теңге», — деді әкім жұма күні Астанада өткен брифингте.
Зауыт қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында іске қосылуы тиіс. Өндіріс ошағы бастапқы өнімді жыл соңына дейін шығаруды жоспарлап отыр.
Зауыт сапасы жоғары әрі ыстық-суыққа төзімді, жүрдек пойыздар мен ауыр салмақты жүк пойыздарынан түсетін жүктемеге шыдамды рельстер шығармақ.