Алматыда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған автошеру басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған автошеру басталды

Алматыда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған автошеру басталды

Жұма күні Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған автошеру басталды.

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 559
Фото - Caravan.kz

Шара «Нұр Отан» партиясы және Қорғаныс министрлігінің қолдауымен өткізіліп отыр.

Мәжіліс депутаты, Қазақстандағы ардагерлер ұйымдарының үйлестіру кеңесі төрағасы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың айтуынша, көлік шеруінің басты мақсаты – «батыр ардагерлерімізді тағы бір рет әлемге әйгілеу».

«Біз барлық ардагерлердің алдында бас иеміз. Өйткені біз сол әкелеріміздің ұмытылмас ерлігінің ізін жалғасьтырушы ұрпақпыз. Біз ұрпағымыздың төл тарихымызды мақтан тұтуы үшін қолдан келгенше аянбаймыз», — деп атап өтті ол.

Автошеруге қатысатын 32 қазақстандықтың арасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жауынгер-интернационалистер бар. Бішкек, Астана, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Орынбор, Самара қалалары арқылы өтетін шеру Мәскеуде аяқталады.


Жолға шығар алдында ардагерлер Панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.