Астанада Түркия азаматы асханада ыстық шай үшін төбелес шығарған - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Түркия азаматы асханада ыстық шай үшін төбелес шығарған

Астанада Түркия азаматы асханада ыстық шай үшін төбелес шығарған

Астанада Түркия азаматы асханада ыстық шай үшін төбелес шығарған, деп хабарлады қала прокуратурасының баспасөз қызметінен.

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 590
Фото - Caravan.kz


11 қыркүйекте сағат 12:20-да Астана қаласының ІІД-не «Назарбаев Университеті» құрылыс нысанының жұмысшылары мен асхана қызметкерлері, атап айтқанда Түркия және Қазақстан азаматтары арасында төбелес шыққаны туралы хабар келіп түскен.

«Оқиға орнына Астана қаласының прокуроры М.Жөргенбаев пен қалалық ІІД бастығы А.Әубәкіров барды. Кейін белгілі болғандай, құрылыс нысанының жұмысшысы Түркия азаматы асхана қызметкеріне ыстық шайдың болмауы мен тағамның сапасына қатысты сын айтқан. Кейін олар жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан», делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратынша, қала прокуроры осы жерде жүздесу ұйымдастырып, онда құрылыс нысанының әкімшілігі мен жұмысшылары ыстық шайдың жоқтығын айтып, тағам сапасына қатысты наразылықтарын білдірген.

«Нәтижесінде асханаға ыстық шай қайнататын термошәйнектер орнатылды. Астана қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметі асхана тағамдарынан сынама алды, оның санитарлық нормаға сәйкестігін тексереді. Әкімшілік тағам сапасын арттыруға уәде берді», делінген хабарламада.

Жанжал тудырған тұлғаларға қатысты қалалық ІІД тергеу амалдарын жүргізуде.