Оралда арабаға таңылған қыз парашютпен секірді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда арабаға таңылған қыз парашютпен секірді

Оралда арабаға таңылған қыз парашютпен секірді

Аяғына тұрып жүре алмаса да аспанда ұшты. Оралда арбаға таңылған қыз 3 шақырымдай биіктіктен парашютпен секірді. Кембағал жанның бұл бала кезден арманы екен.

  • 13 Қыркүйек 2014
  • 268
Фото - Caravan.kz

Гүлмира Батпақұлова жол апатынан кейін арбаға таңылып қалған. Бірақ, қайсарлығының арқасында еш мойымаған жарымжан өзінің арманын ақыры орындады. Алдымен ол, жаттықтырушының көмегімен парашютпен секіруді меңгерген. Артынан батыл қадамға бел буыпты. Маманның көмегімен аспанда қалқыған ол, алған әсерін сөзбен жеткізе алмады. Алдағы уақытта тағыда парашютпен секіруді қайталамақ ниетте.


Гүлмира Батпақұлова, «Арба» мүгедектер қоғамының төрайымы:

-Жүре алмаса да, жүре алса да, көзі нашар көрсе де бәрібір. Соған да қарамай, өзіне сенімді болса, бәріне жетеді деп ойлаймын.