Сьерра-Леонеде Эбола безгегінен тағы бір дәрігер көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сьерра-Леонеде Эбола безгегінен тағы бір дәрігер көз жұмды

Сьерра-Леонеде Эбола безгегінен тағы бір дәрігер көз жұмды

Батысафрикалық Сьерра-Леоне республикасында Эбола безгегінен төртінші дәрігер қайтыс бодды,

  • 15 Қыркүйек 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады дүйсенбіге қараған түнде Франс Пресс агенттігі елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Індетпен күресте тағы бір қайраткеріміздің көз жұмуы біздер үшін үлкен қайғы», — деп хабарлады агенттікке министрлік өкілі Брима Каргбо.

Сьерра-Леонедегі індеттен медицина қызметкерлері арасында өлген алғашқы әйел доктор Оливия Бак болды. Бұдан бұрын үш дәрігердің қайтыс болғаны хабарланды. Сонымен бірге 50-ге тарта медбике осы вирустан қазаға ұшырап отыр.  

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы бұдан бұрын Эбола вирусінің құрбандары 2,4 мың адамға жеткені туралы ақпарат таратты, осы індетті барлығы 4,7 мыңнан астам адам жұқтырды. ДДСҰ тұтастай алғанда Батыс Африка аумағында індет одан әрі шапшаң таралып келе жатқанын мәлім етті.

Қазіргі кезде індетті жұқтыру Либерияда, Сьерра-Леонеде, Гвинеяда, Нигерияда, Конго Демократиялық Республикасында және Сенегалда тіркелген. Індетті жұқтырғандардың 53 пайызы өліп кеткен. Әзірге вирусқа қарсы тиімді вакцина болмай тұр.