Польша Президенті Эва Копачты жаңа премьер-министр етіп тағайындайды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польша Президенті Эва Копачты жаңа премьер-министр етіп тағайындайды

Польша Президенті Эва Копачты жаңа премьер-министр етіп тағайындайды

Польша Президенті Бронислав Коморовский дүйсенбі күні Эва Копачты премьер-министр етіп тағайындайды және оған елдің жаңа үкіметін жасақтауды тапсырады, деп  хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Иоанна Тшаска-Вечорек.

  • 15 Қыркүйек 2014
  • 307
Фото - Caravan.kz

Коморовский 11 қыркүйекте Брюссельде 30 тамызда ЕО саммитінде Еурокеңес төрағасы болып сайланған премьер Дональд Тускінің отставкасын қабылдаған болатын. Туск өзінің жаңа міндеттерін атқаруға осы жылғы 1 желтоқсанда кіріседі.

Президент болашақ премьер-министрмен 12 қыркүйекте өзінің Варшавадағы Бельведердегі ресми резиденциясында кездесті.

«Президент Бронислав Комаровскийдің премьер қызметіне коалиция кандидаты Эва Копачпен кездесуі дүйсенбі күні жалғасады. Дүйсенбіде Польша Президенті оған жаңа үкіметті жасақтауды тапсырады. Жаңа үкіметті тағайындау 22  қыркүйекте болады», — деді Тшаска-Вечорек.

Бұдан бұрын Копач  26 қыркүйекте Сеймде жаңа үкіметтің бағдарламалық мәлімдемесімен сөз сөйлеп, парламентшілерден сенім білдіруді сұрайтынын мәлім еткен болаын.


Эва Копач 1956 жылы 3 желтоқсанда Польшаның Скарышев қаласында туған. Мамандығы дәрігер. IV, V, VI және  VII шақырылған Польша Сеймінің депутаты. 2007-2011 жылдары Польшаның денсаулық сақтау министрі. 2011 жылдан — Польша Сеймінің спикері. 2001  жылдан «Азаматтық тұғырнамада», 2013 жылғы 14 желтоқсанда билеуші партия төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.