Ливия жағалауларында кеме апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ливия жағалауларында кеме апатқа ұшырады

Ливия жағалауларында кеме апатқа ұшырады

Еуропаға жол тартқан шамамен 250 мигрант бар кеме Ливия жағалауларында апатқа ұшырады, деп хабарлады бүгін Рейтер агенттігі Ливия Әскери-Теңіз күштеріне сілтеме жасап.

  • 15 Қыркүйек 2014
  • 380
Фото - Caravan.kz

Әскерилер Триполидан шығысқа қарай Таджура қаласы маңында суға батқан кемеден 26 адамды ғана құтқарды. «Теңізде өлі денелер өте көп», — деп мәлім етті елдің Әскери-Теңіз күштерінің өкілі Айюб Кассем, ол мерт болған адамдардың нақты санын айта алмады.

Жасырын көші-қон соңғы жылдары Еуроодақ елдері үшін өте проблемалы мәселеге айналды. 2010 жылы Ливия  африкандық мигранттардың ЕО-ға барар жолындағы негізі бекет болды, ал жасырын көші-қон қылмыстық іске жатқызылды.

Нақ осы ауқымды жерортатеңіздік ливиялық шекара жыл сайын еуропалық елдерге жұмыс және жайлы өмір іздеп аттанған мыңдаған жасырын мигранттар аттанатын басты нүкте болды.