Атырау облысында өз мақсатына пайдаланылмай отырған 420-дан астам учаске мемлекетке қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында өз мақсатына пайдаланылмай отырған 420-дан астам учаске мемлекетке қайтарылды

Атырау облысында өз мақсатына пайдаланылмай отырған 420-дан астам учаске мемлекетке қайтарылды

Атырау облысында 420-дан астам өз мақсатына пайдаланылмай отырған учаске мемлекетке қайтарылды.

  • 15 Қыркүйек 2014
  • 369
Фото - Caravan.kz


«2011 жылдан бастап түгендеу нәтижесінде 659,6 мың гектар пайдаланылмай отырған жерлер анықталды, бұл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 30 пайызға жуығын құрайды. Бұл жерлердің 83,7 пайызы мемлекетке қайтарылды. Ауданы 96,8 мың гектар  жерлердің иелері ескерту жасалғаннан кейін өз жерлерін игере бастады. Жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жерлерді түгендеуде облыста 3 006 пайдаланылмаған учаске анықталды. Олардың 423 учаскесі мемлекетке қайтарылды. 3006 учаске материалдары аумақтық жер инспекцияларына жолданды, онда 2 025 телім иелеріне ескерту жасалды. 82 учаскеге қатысты талап-шағымдар жөнінде сотттар оң шешім қабылдады. 412 учаскеде жұмыстар басталды. 140 учаске бойынша азаматтық-құқықтық шаралар қабылданды», — деп хабарлады облыстық жер қатынастары басқармасынан.