Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры ауысты

Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры ауысты

Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры ауысты.

  • 15 Қыркүйек 2014
  • 988
Фото - Caravan.kz

Бұл қызметке «Қазхром» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Сергей Прокопьев тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Еуразия инновация университеті мен РФ президенті жанындағы Ресей ауыл шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген С.Прокопьев зауытта 2002 жылдан бері жұмыс істейді. 2013 жылы ол өндірістік-техникалық басқарма бастығы – техникалық директордың орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Зауыттың бұрынғы директоры Арман Есенжолов «Қазақстан алюминиі» АҚ-ның бірінші вице-президенті болып тағайындалды.