«Дегдар» петропавлдық мүгедектердің арманын орындады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  «Дегдар» петропавлдық мүгедектердің арманын орындады

«Дегдар» петропавлдық мүгедектердің арманын орындады

«Дегдар» петропавлдық мүгедектердің арманын орындады. Жарты жыл бұрын мүмкіндігі шектелуі жандар осы қайырымдылық қордан спорттық шаңғы сұраған. Енді өте сапалы бұйымға ие болған спортшылар  паралимпиадалық ойындарда міндетті түрде  чемпион атанамыз деп, білек сыбанып отыр.

  • 16 Қыркүйек 2014
  • 217
Фото - Caravan.kz

Петропавлдағы мүгедектерді спортқа баулитын «Үміт» клубы бір жарым жыл бұрын ғана құрылған. Соған қарамастан Сочиде өткен паралимпидалық  ойындарда бес жолдаманың екеуі қызылжарлық мүгедектерге бұйырды. «Дегдар» қорының арқасында клуб мушелері енді құны бір жарым миллион теңгеден асатын спорттық шаңғыларға ие болды. Бұрын олар кәдімгі велосипедтің көмегімен жаттығатын. Шаңғымен бірге берілетін қосымша құрылғылардың бәрі де өте сапалы дейді мамандар. 


Жанат Сексенбаев, «Дегдар» қорының жоба жетекшісі:

-Спорттық жабдықтар әр спортшының дене бітіміне арналып жасалған. Аяқ киімі, шаңғы таяғы бәрі де әлемдік брендтерге сай. Сондықтан бірнеше жыл тозбайды деп ойлаймыз. Біз де өз кезегінде спортшылардан енді тек жеңістер күтеміз.