Ғаламторды шулатқан бала Маугли болмай шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғаламторды шулатқан бала  Маугли болмай шықты

Ғаламторды шулатқан бала Маугли болмай шықты

Ғаламторды шулатқан атыраулық бала ақыры Маугли болмай шықты. Тәртіп сақшылары оны іздеп тауып, Атырау облысының 12 жастағы тұрғыны екенін анықтаған. Полицейлер бейнежазбаны мұқият қарап, иттермен бірге  төрт аяқтап жүрген жеткіншектің жабайы екендігіне бірден күмән келтіріпті.

  • 16 Қыркүйек 2014
  • 212
Фото - Caravan.kz

Облыс тұрғындары мен іздестірудің арқасында полицейлер бір тәуліктің ішінде баланың мекен-жайын тапқан. Тамыздың соңында өзенге түсіп жүрген бала бейтаныс адамдардың өзін камераға түсіріп тұрғанын көріп, қызық үшін олар берген алманы қолымен емес, тіспен алған көрінеді. Сосын иттермен қосылып, арлы-берлі төрт аяқтап жүгірген. Туған-туыстары мен көршілері жасөспірімнің ақыл-есі дұрыс екенін айтыпты. Бірақ, тәртіп сақшылары әке-шешесінің өтініші бойынша, баланың аты-жөні мен оқиғаның дәл қай жерде болғандығын айтудан бас тартып отыр.


Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-2 иті бар бұл жасөспірім жануарларға өте жақын көрінеді, жақсы көреді екен. Өзін бейнетаспаға түсіріп жатқандығын көрген ол қалжыңдап, осындай әдетке барған.