Қостанайда трактор тіркемесі жер үйді қиратып төрінен бір-ақ шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда трактор тіркемесі жер үйді қиратып төрінен бір-ақ шықты

Қостанайда трактор тіркемесі жер үйді қиратып төрінен бір-ақ шықты

Жазатайым жазым бол жаздады. Қостанайды астық тиелген тіркеме зейнеткердің баспанасын қиратып кетіп, кейуананың өзі әупірімдеп жүріп аман қалды. Ал үйдің қабырғасы құлап, дүние-мүлкінің тең жартысы түкке жарамсыз болып қалған.  

  • 16 Қыркүйек 2014
  • 236
Фото - Caravan.kz


Трактордың тіркемесі ажырап кетіп 5 қабатты үйге барып соғылыпты. Зейнеткер бұл кезде бөлменің ішінде отырған. Оқыс оқиғадан аздап шошып қалғаны болмаса, қатты жарақат алмапты. Аяғын аздап ауыртып алған. Ал үйдің қабырғасы түгел қирағаны көрініп тұр. Апат кезінде зейнеткердің өзі тіркемеден төгілген астықтың астында қалған. Қазір фирма қожайындары бүлінген қабырғаны қайта қалпына келтіріп, есік-терезесін бүтіндеп берді. Күпті көңілі орнына түскен зейнеткер, кейін трактордың иесін де кешірген.