Адамдарды алдап соққан «Almaz turizm» қылмыстық жазаға тартылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адамдарды алдап соққан «Almaz turizm»  қылмыстық жазаға тартылмақ

Адамдарды алдап соққан «Almaz turizm» қылмыстық жазаға тартылмақ

Туристерді тақырға отырғызған «Almaz turizm» басшылығы енді жауапкершіліктен құтыла алмайды. Турфирмадан ақшасын өндіріп алғысы келгендер саны 70-тен асып, 3 факті бойынша қылмыс дәлелденіпті.

  • 16 Қыркүйек 2014
  • 267
Фото - Caravan.kz

Алаяқтық жасағандар енді 10 жылға абақтыға жабылып қоймай, мүлкі тәркіленуі де мүмкін. Міндетіне атүсті қараған турфирма өкілдері осы уақытқа дейін алданған клиенттеріне бір тиын да қайтармаған екен. Тамыз айында ондаған отандасымыз Түркияға демалуға барып, жер сипап қалған болатын. Қонақүйдің ақысы аударылмағандықтан олар әуежайды паналауына тура келді. Еліміздің турагенттіктер қауымдастығының хабарлауынша қазақстандық тарап шамамен 500 мың доллар көлемінде берешек болып қалған. Салдарынан «Almaz turizm» клиенттері не елге орала алмай, не шетелге аса алмай қалды. Енді олар ақшасын сот арқылы өндірумен айналысуда.


Әсем Мұхамеджанова:

-Біздің жанұямыздағы жеті адамның демалысы үшін 1 млн 677 мың 720 теңге төледі. Қазірге дейін ақшамызды қайтара алмай жүрміз. Кеңселері жабылып, енді телефон арқылы жұмыс жасамайтындығын жеткізді. Қаржыны тек қазан айының соңында қайтарылуы мүмкін деп отыр.