Кувейт әмірі БҰҰ-ның марапатына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кувейт әмірі БҰҰ-ның марапатына ие болды

Кувейт әмірі БҰҰ-ның марапатына ие болды

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги-Мун Кувейт әмірлігінің королі шейх Сабах Әл-Ахмад Әл-Жәбир Ас-Сабахқа «Гуманитарлық көшбасшы» атағымен марапаттап, құрмет танытты, деп хабарлады www.muslim.kz.

  • 16 Қыркүйек 2014
  • 377
Фото - Caravan.kz

Сириялық босқындарға бірнеше мәрте ірі көлемде көмек көрсеткен Кувейт королінің бұл атақты иеленуі де заңды.

Соңғы екі жылдың өзінде корольдік аумағында сириялықтарға қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған екі ірі конференция ұйымдастырылып, 3,5 млрд доллар қаражат жиналған болатын.

Кувейт әмірінің халықаралық марапатқа ие болып, мерейі өскен қуанышымен Америка Құрама Штаттары да ортақтасып, тілектестік білдірді.

«Сирияда болған қақтығыстардан жапа шеккен босқындарға ірі көлемде қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, көмек қолын созған Кувейт халқы мен әміріне бұл марапат әбден лайық», — деп мәлімдеді АҚШ-ның Мемлекеттік істері жөніндегі өкілі Мэри Харф.