Облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасы аға полиция лейтенантына мемлекетаралық іздеу жарияланды, делінген Жамбыл облысы прокуратурасының сайтында.
Қылмыстық іздеу қызметкері екі жергілікті тұрғынды жасамаған қылмысты мойындатпақ болып зәбір көрсеткен.
Прокуратура мәліметі бойынша, зардап шеккендердің бірі дәрігерлерге жүгінген. Оның бас миы шайқалып, басынан жарақат алған.