келесі жылдың шілде айына дейін қаралады. Бұл туралы Қазақстанның ШЫҰ қызметі мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Шахрат Нұрышев мәлімдеді.
«Қазіргі кезде Үндістан, Пәкістан, Иран тарапынан өтініштер бар. Бұл саммитте алдын ала пікір алмасылады. Бұл өтініштерді жан жақты қарау келесі отырысқа дейін саммиттен кейін өтеді», — ол бүгін Астанада баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Ш.Нурышев Үндістан өтінішті саммитке бір апта қалғанда бергенін айтты. Пәкістан 2006-2010 жылдары өтініш беріп қойған. Бұл жолы Пәкістан делегациясының басшысы елдің ШЫҰ мүшесі мәртебесін алуға қызығушылығын тағы растады.
Елші Иранның ШЫҰ-ға мүшелігі туралы әзірге сөз болып отырмағанын айтты. «Иран өтінішіне келер болсақ, ол қазірге қарастырылмайды. Өйткені 2010 жылы бекітілген жаңа мүшелер қабылдау тәртібі туралы ережеге сәйкес, мүшелікке қабылдау өлшемдерінің бірі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан санкцияның жоқтығы болып табылады», — дейді Ш.Нұрышев.
ШЫҰ-ға төрағалық ету Душанбедегі саммиттен кейін Тәжікстаннан Ресейге өтті. Ұйымның келесі саммиті Уфада 2015 жылы 9-10 шілдеге белгіленген.