бақылау жүйесін енгізу үшін шамамен 2,5 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев мәлімдеді.
«Қазір біз Қылмыстық атқару кодексіне сәйкес шартты сотталғандар мен әкімшілік қадағалау бекітіліп шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарды бақылайтын электрондық құрал енгізбекпіз. Республикалық бюджеттік комиссия осы мақсатта шамамен 2,5 миллиард теңге бөлуді мақұлдады», — деп Е.Кененбаев бүгін Астанада Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару кодекстері мен Әкімшілік заң бұзушылық туралы кодекстің жаңа үлгілеріне көшу мәселесі жөніндегі семинарда атап көрсетті.
Электрондық бақылау құралын енгізуден өзге жаңа заң өзге ғылыми-техникалық құралдар – сотқа дейінгі зерттеудің біртұтас тізімдемесі, бейнежауапалу т.б кеңінен пайдалану қаралған.
Бұдан бұрын Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қазақстан түрмедегі сотталғандар саны бойынша 35-ші орында екенін мәлімдеген. Колониялардағы тұтқындар саны биыл жыл басына шаққанда 49 мың адамға жетті.
