Маңғыстау облысында тіркелген қылмыстың әрбір төртіншісі Жаңаөзенде жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында тіркелген қылмыстың әрбір төртіншісі Жаңаөзенде жасалады

Маңғыстау облысында тіркелген қылмыстың әрбір төртіншісі Жаңаөзенде жасалады

Маңғыстау облысында тіркелген қылмыстың әрбір төртіншісі Жаңаөзен қаласында жасалады.

  • 16 Қыркүйек 2014
  • 407
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыс прокурорының орынбасары Асқар Досекенов мәлім етті.

«Жаңаөзен қаласы облысымыздағы ең криминогенді аймақ саналады. Аймақта тіркелген қылмыстың әрбір төртіншісі Жаңаөзенде жасалады», — деді ол сейсенбі күні Астанада Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару кодексі мен Әкімшілік заң бұзушылықтар кодексінің жаңа үлгісіне өту мәселелеріне арналған семинарда.

А.Досекеновтың айтуынша, соңғы кезде Жаңаөзендегі бұзақылықтар саны 145 пайыз, ұрлық 82,5 пайызға көбейген. Қалада қыз зорлау фактілері 42 пайыз, тонау 12 пайызға ұлғайыпты.

«2011 жылы коммендант сағаты енгізіліп, құқық қорғау органдырының қызметі күшейтілген кезде қылмыс деңгейі едәуір төмендеген болатын. Бар-жоғы жарты жыл ішінде қылмыс саны күрт азайған-ды. Бірақ, қазіргі жағдай ерекше алаңдатып отыр», — деп атап өтті ол.