«Мәскеу-Астана» пойызынан жарылғыш зат табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мәскеу-Астана» пойызынан жарылғыш зат табылды

«Мәскеу-Астана» пойызынан жарылғыш зат табылды

«Мәскеу-Астана» пойызынан жарылғыш зат табылды, деп хабарлайды Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

  • 16 Қыркүйек 2014
  • 448
Фото - Caravan.kz

«15 қыркүйекте сағат 18.55-те Қарабалық ауданының ӨБ-11 ӨҚБ пультіне кезекші АІІБ-ден «Қайрақ» теміржол стансасында №71  «Мәскеу-Астана» бағытында келе жатқан жолаушылар пойызының №6 вагонынан шекара қызметінің қызметкерлері вагондарды тексеру барысында қолдан жасалған жарылғыш зат тапқаны туралы хабарлама түсті. Дабыл бойынша сағат 19.00-де Қарабалық ауданы ТЖ гарнизонының барлық жеке құрамы шақырылды.

Жедел топ шақырған жерге жетті. Оқиға орнында ҰҚК, АІІБ, прокуратура, ІІБЖБ, шекара қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды. Вагоннан адамдар сыртқа шығарылды. №6 вагон негізгі құрамнан ажыратылды, оқиға орны қоршауға алынды», — деп жазылған хабарламада.


Тексеру барысында №6 вагоннан №17 жолаушылар орнынан жарылғыш зат табылды. Жедел тергеу тобы куәгерлердің қатысуымен жарылғыш затты тәркіледі.