"ҚазМұнайГаз" Әзірбайжан мен Түркменстаннан бензин импорттау мүмкіндігін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазМұнайГаз" Әзірбайжан мен Түркменстаннан бензин импорттау мүмкіндігін қарастыруда

"ҚазМұнайГаз" Әзірбайжан мен Түркменстаннан бензин импорттау мүмкіндігін қарастыруда

"ҚазМұнайГаз" АҚ елде жанар-жағар май тапшылығын жабу үшін

  • 16 Қыркүйек 2014
  • 921
Фото - Caravan.kz

    Әзірбайжан мен Түркменстаннан бензин импорттау мүмкіндігін қарастырып отыр, деп хабарлады энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.

"Қалай болған күнде де рынокты жанар-жағар маймен қамтамасыз ету үшін шығын болса да "ҚазМұнайГазға" қазақстандық рынокқа жанар-жағар май әкелу тапсырылды.Көптеген компаниялармен келіссөздер жүргізілді, бүгінде 69 мың тонна бензин әкелуге қол жеткізілді", деді ол Астанада сейсенбіде баспасөз мәслихатында.

"Бірақ сол келісілгеннің өзін зауыттар бүгінде бізге бере алмай қалуы ықтимал. Сол себепті "ҚазМұнайГаз" басқа да әріптестермен келіссөздер жүргізді. Қазір Socar (Әзірбайжан) және Түркменстаннан бензин тасымалдау мүмкіндігі қаралуда, деді ол.


Дегенмен де елдегі бензинге қатысты тапшылық жойылмай отыр. Осы орайда мұнай өңдеуші зауыттардың жүктемесін барынша арттыру туралы шешім қабылданды, деді ол.