Қанат Тыныбайұлы, 1963 жылы туған, үш жоғары білімі бар, 1985 жылы орта мектептің ағылшын және француз тілдері мұғалімі біліктілігі бойынша Алматы педагогикалық шетел тілдері институтын, 1998 жылы заңгер мамандығы бойынша Д.А. Қонаев атындағы Қазақ Гуманитарлық институтын бітірді, 2009 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында инженер мамандығын алып шықты.
Еңбек жолын 1985 жылғы тамызда Алматы облысы Андреев ауданы Дзержинский атындағы орта мектебінде ағылшын тілінің мұғалімі болып бастады. Кеңес Армиясы қатарындағы қызметінен кейін 1988 жылғы қаңтардан бастап Алматы облысы Андреев ауданы Осиновка ауылының №3 орта мектебінде жұмыс жасады.
1989 жылғы қыркүйектен бастап, 1994 жылғы тамыз аралығында Алматы облысы Андреев аудандық білім бөлімінде қызмет атқарды. 1999 жылғы маусымға дейін коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқарды.
1999 жылғы маусым мен 2002 жылғы наурыз аралығында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды. 2004 жылғы қаңтардан бастап 2007 жылғы сәуір аралығында Алматы қаласында «Жігер сүт зауыты» ЖШС директоры болды.
2007 жылғы сәуірден 2008 жылғы сәуір аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, кейін 2012 жылғы мамырға дейін Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасында бөлім бастығы болды. 2012 жылғы тамызда Алматы облысы «Қарасай ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы болып тағайындалды, 2013 жылғы ақпанда Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2013 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Тәртіптік кеңес төрағасы-департамент басшысы лауазымын атқарды.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалімен наградталған.