Бас прокуратура Қазақстанда тіркеуден өтпеген шетелдік телеарналардың хабар таратуына тыйым салуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура Қазақстанда тіркеуден өтпеген шетелдік телеарналардың хабар таратуына тыйым салуды ұсынды

Бас прокуратура Қазақстанда тіркеуден өтпеген шетелдік телеарналардың хабар таратуына тыйым салуды ұсынды

Бас прокуратура Қазақстан аумағында тіркеуден өтпеген шетелдік каналдардың хабар таратуына тыйым салуды ұсынады.

  • 16 Қыркүйек 2014
  • 630
Фото - Caravan.kz

"Бізді қазір алаңдатып отырғаны, республикада жұмыс істеп отырған каналдардың жартысы дерлік ресейлік, олар өкілетті мемлекеттік органда есепке алынбай отыр.Олар сонда барып, есепке тұруға тиіс", деді сейсенбіде Астанада бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, бас қадағалаушы ведомство жуық арада бұл жағдайды талдап көрген. "Енді үкімет алдына мәселе қоймақпыз. Біздің ойымызша, өкілетті органға келіп тіркеуден өтпеген каналдарға Қазақстан аумағында хабар таратуға тыйым салу керек".

"Олар жиі провайдерлерге сілтеме жасайды, біз өз ақпаратымызды сіздерде таратпаймыз, оны істеп отырған сіздердің кәсіпкерлеріңіз, дейді. Каналдар бойынша да, кәсіпкерлер бойынша да белгілі бір шаралар қолданылуға тиіс," деді ол.