Павлодарлық жүргізуші қымбат көлігімен банкке кірер есікті бітеп тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық  жүргізуші қымбат көлігімен банкке кірер есікті бітеп тастады

Павлодарлық жүргізуші қымбат көлігімен банкке кірер есікті бітеп тастады

Ғимарат иесі мен жалға алушы арасындағы келіспеушілік кесірі клиенттерге тиді. Таңмен банк бөлімшесіне жиналған Павлодар тұрғындары ішке кіре алмай қаңтарылып қалған.

  • 17 Қыркүйек 2014
  • 180
Фото - Caravan.kz


Тура жұмыс басталатын уақытта әлдебіреу кіре беріс есікке джипін тақап қойып, жөніне кетіп қалыпты. Банк қызметкерлері де жүргізушінің бұл әрекетін түсінбей дал болған. Көлік иесінің оғаш қылығын кейін полиция анықтады. Сөйтсе, ол банк жалға алып отырған ғимараттың иесі екен. Бірақ өзі Астанада жүрмін деп, бұл оқиғаға еш қатысы жоқтығын айтыпты. Десе де, аты-жөні жоқ банк алдына көлікті ешкім қаңтарып кетпейтіні анық. Соған қарағанда ғимарат қожайыны мен оны жалға алушылар арасында үлкен келіспеушілік туындаса керек. Қалай болғанда да, енді көлік иесі әкімшілік жазаға тартылатын болады.