Петропавлда қаржы полицейін өлтірген киллер кінәсін мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда қаржы полицейін өлтірген   киллер  кінәсін мойындады

Петропавлда қаржы полицейін өлтірген киллер кінәсін мойындады

Петропавлда облыстық қаржы полициясы бастығының орынбасары Жандос Ахметовті өлтіргендерге қатысты сот процесінде киллерге сөз берілді. Айыпталушы, «өлтірген адамды шатастырған жоқпын» деп отыр.

  • 17 Қыркүйек 2014
  • 194
Фото - Caravan.kz

Тергеушілер бұлар қателесіп, облыстық қаржы полициясы бастығының орнына орынбасарын өлтірді деген болжам айтқан еді. Тергеу мәліметтеріне бұрынғы бастық та күмәнмен қарайтынын, екеуінің түрі мүлдем ұқсамайтынын жеткізген. Ал бүгін айыпталушылар істің мән-жайын өз ауыздарымен айтып берді. Алғашқы болып, киллер рөлін атқарған Павел Ковалев оқиғаны баяндады. Шешенстандағы соғысқа қатысқан ол қарудың  түр-түрін ажыратып, баллистиканың қыр-сырын жетік біледі екен. Алайда ол қылмысты «баланың көзінше, асқан қатігездікпен жасады» деген айыппен келіспейтінін айтты.


Павел Ковалев, айыпталушы:

-Баланың баспалдақпен жоғары қарай көтеріліп кеткенін күттім. Содан кейін барып Жандос Ахметовтің желкесінен алты рет оқ аттым. Бірден атуға да болар еді. Бірақ мен баланың көзінше қылмыс жасағым келмеді. Сондықтан «аса қатігездікке барды» деген айыппен келіспеймін.