Айнаш Ахметова, Тараз қаласының тұрғыны:
-Газды мына жерден қазды. Қазғаннан кейін оны бір ай қазды. Сол қазғанменен жатырмыз. Ертең балшық болғанда балалар мектепке бара алмайды. Үлкен кісілер жүре алмайды. Мемлекет деген қайда қарап отыр? Мысалы, әкім қайда қарап отыр? Жергілікті жердегі адамдар қайда қарап отыр?
Мына көшенің өткен жылға дейін тақтайдай тегіс жолы болған екен. Жер астынан газ құбырын тартқан мердігер, оның тас-талқанын шығарған. Енді жұрт жазда шаң жұтып, күзде ми батпақ кешуге мәжбүр. Бұқара компания басшысын іздеп тауып, жолды жөндеуге уәдесін алғанымен әлі күнге айтқанын орындамаған. Жергілікті биліктен де қайыр болмады. Ал шу шыққан жерге шұғыл жеткен қала әкімінің орынбасары жауапсыз мердігердің ісін майшаммен қараймыз дейді.
Асхат Есеналиев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:
-Бұл жерде «ЭНЕКС ЛИКС» деген компания жұмыс істеген.Жалғыз бұл емес мұндай бізде 40-50 кемшіліктер бар. 1 қазанға дейін қалпына келтіреміз.