Шымкентте анасы тастап кеткен ұл мен қыз үйлеріне оралғысы келмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте анасы тастап кеткен ұл мен қыз үйлеріне оралғысы  келмейді

Шымкентте анасы тастап кеткен ұл мен қыз үйлеріне оралғысы келмейді

Шымкентте туған анасы қос бүлдіршінін жалдамалы пәтерге тастап кеткен. Балаларды бірнеше күннен кейін байқаған көршілері полиция шақыртып, оларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына өткізді.

  • 17 Қыркүйек 2014
  • 354
Фото - Caravan.kz


8 жасар Михаил мен 5 жастағы қарындасы Янаның ақыл-есі дұрыс, дендері сау. Тек, жалдамалы пәтерлерді жағалаған жалғызбасты анасы екеуіне дұрыс қарамаған екен. Үнемі арақ ішіп, балаларын ұрып-соғатын кездері де аз болмаған. Сондықтан, ағайындылар балалар үйіне түскеніне қуанбаса, қабақ шытып отырған жоқ. Орталыққа келгенде әркімнен шошып, үрпиісіп жүріпті. Қазір, көңілдері жайланып, өздерін еркін сезінеді. Михаил тіпті мектеп жасынан асып кетсе де әріп танымайды. Енді орталықтағы өзге оқушылармен бірге сабаққа да баратын болды.