Ақордаға келген Бас прокурордың есебі оптимизге толы. Айтуынша, елімізде адам өлтіру, ұрлық, тонау, қарақшылық жасау секілді қылмыс әжептәуір азайыпты. Тұрғындардың шағымдары жүз пайызға тіркеліп, іс 3 тәуліктің ішінде қаралатын болған. Ал Нұрсұлтан Назарбаев ұсақ қылмыс жасағандарды түрмеге топырлата бермей, айыппұл салуға пәрмен берді. Қылмыс санының азайғанымен мақтанған Дауылбаев, қарапайым жұмысшылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын да қорғап жатқанын айтты. Бас прокурордың баяндамасын мұқият тыңдаған Елбасы қабылданған жаңа кодекс аясында жолдағы өлім-жітімді азайтуға да тапсырма берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
—Каждый день погибают люди на дорогах.Каждый божий день. Представь себе 365 дней. Потому что нарушение идет, нетрезвым состоянии за рулем. Права выдали без проверки. Без квалификации. Не умееть ездить. Поэтому ужостечение здесь оправдано.