Астанада оқушы өз сыныптасының көкірегіне қалам тығып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада оқушы өз сыныптасының көкірегіне қалам тығып өлтірді

Астанада оқушы өз сыныптасының көкірегіне қалам тығып өлтірді

Астанадағы мектептердің бірінде жантүршігерлік оқиға. Есілдің сол жағалауында 1-ші қыркүйекте жаңадан ашылған №76-шы мектеп лицейдің оқушысы өз сыныптасының көкірегіне қалам тығып өлтірді. 8-ші сыныпта оқитын екі ұл тура сабақ үстінде төбелесіп қалған. Осы кезде мұғалім тақтаға үй тапсырмасын жазып оқушыларға арқасымен қарап тұрғандықтан ештеңе байқамай қалыпты. Ал марқұм бала 2 жыл бұрын Павлодар облысының Ақсу қаласынан Астанаға көшіп келген екен. Сыныптасын өлтірген жасөспірім болса, кәмелет жасына толмағандықтан жауапкершілікке мүлдем тартылмауы мүмкін.

  • 17 Қыркүйек 2014
  • 452
Фото - Caravan.kz

Бұл – Астанадағы биыл 1-ші қыркүйекте ашылған жаңа мектеп. Оқу жылының басталғанына не бары екі апта өтпей жатып іші қанға боялып отыр. Оқыс оқиғадан соң мектептің айналасында қаптаған прокурор, полицейлер  жүр. Ал, сыртта сабақтан қайтқан әрбір оқушының аузында бүгінгі жантүршігерлік жағдай.

-Қазір көп болжам айтылып жатыр. Екі бала бір-бірімен төбелесіп қалды. Сосын қаламды тығып алды.

– Ол баланы танисыңдар  ма ?

– Жоқ. Мұғалімдер де білмейді ғой.

Қанды оқиға дәл сабақ үстінде оқушылардың көзінше болған. 8-ші сыныпта оқитын қос жасөспірім сөзге келіп, соңы төбелеске ұласады. Ал, шәкірттері жаға жыртысып, біріне-бірі қол жұмсап жатқанда ұстаз   араша түсе алмаған.

Раушан Қушыбаева, Астана қаласындағы №76 мектептің директоры:

Әрине, қай ұстаздың болсын, менің болсын қабырғамды қайыстырып тұр.  Білмейтін балалар енді. Осы Астана қаласының балалары барлығы.

Бұл мектеп жақында ашылғандықтан, оқушылар да әр ауданнан жиналған. Сондықтан балалар бір-біріне әлі үйренісе алмай жүргенге ұқсайды. Бірақ, оқиға болған сыныпқа  полиция адам жуытпайды. Сондай-ақ, тергеушілер екі ұлдың да аты-жөнін жұмбақтап  отыр.


Болатбек Әміржанов, Есіл аудандық ІІБ бастығы:

Қазір оқиға орнында тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Сондықтан, басқа мәлімет берілмейді.

-Мектептегілердің  айтуынша, қаза болған баланың денесін ата-аналары, ал, сыныптасын жер жастандырған оқушыны полицейлер алып кеткен. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ, күдіктінің 14-ке, яғни кәмілет жасына  толмағанын,  ескерсек  жазадан құтылып кетуі әбден мүмкін. Оның үстіне полиция  бұны қасақана емес, абайсызда жасалған  қылмыс деп отыр. Енді бұл мектепке тергеушілер күнде келіп ұстаздармен оқушылардан жаппай жауап алмақ.