Комиссия 8-сынып оқушысы өлтірілген мектеп басшылығының іс-қимылдарына баға береді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Комиссия 8-сынып оқушысы өлтірілген мектеп басшылығының іс-қимылдарына баға береді

Комиссия 8-сынып оқушысы өлтірілген мектеп басшылығының іс-қимылдарына баға береді

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің арнайы комиссиясы сегізінші сыныптың оқушысы өлтірілген мектеп басшылығының іс-қимылдарына баға береді,

  • 17 Қыркүйек 2014
  • 672
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ведомство басшысы Аслан Сәрінжіпов.

"Бұл өте қайғылы жағдай. Ұлдың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтқым келеді. Қазір тергеу жүргізілуде, түсінік бермей қоя тұрсақ. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерге келер болсақ, комиссия бәрін қарап, шешім шығарады, ол туралы қосымша хабарлаймыз", деді министр сәрсенбіде парламент арасында журналистерге.

Алдында хабарланғандай, Астанада N76 орта мектепте 8-ші сыныптың оқушысы ренжісіп қалып, сыныптасын шарик қаламсаппен кеуде клеткасына ұрған, ол тесіп өткен, бала сол орында қаза болған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.