Қазақстанның оңтүстігінде осы аптада алғашқы үсік жүрмек - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның оңтүстігінде осы аптада алғашқы үсік жүрмек

Қазақстанның оңтүстігінде осы аптада алғашқы үсік жүрмек

Жаңа Жерден суық ауаның келуінен таяу күндері Қазақстанның көптеген өңірлерінде күн суытады. Бұл туралы бүгін Қазгидромет мәлімдеді.

  • 17 Қыркүйек 2014
  • 526
Фото - Caravan.kz

Ауа райын болжау мамандарының мәліметі бойынша,18-20 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігі, орталығы және шығысында жауын-шашын болып, арты қарға ұласып, жел күшеюі мүмкін.

Түнде және кей жерлерде күндіз тұман болады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус суық, күндіз 5-13 градусқа дейін жылы болады.

Елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысында 19-20 қыркүйекте күн күркіреп, жаңбыр болады және оқтын-оқтын жел соғады. Түнде ауа райы 2-10 дейін жылы болып, топырақта 3 градус аяз болады, күндіз 12-17 градус жылы болады.

Республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз, бірақ түнде 0-5 градус суық, кей жерлерде 5 градус жылы, күндіз 15-20 градусқа дейін жылы болады.