Ш.Сони Қ.Тоқаевқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Африка Республикасына мемлекеттік сапарына дайындық туралы баяндады. Бұл туралы сенат баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында айтылған.
Қ.Тоқаев Қазақстан президентінің сапары екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығын дамытуға зор серпіліс береді деген пікірін айтты.
Спикер Қазақстанның ОАР-мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға деген қызығушылығын атап көрсетті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, парламентаралық қатынастар үлкен маңызға ие. Ол ОАР халық қалаулыларына елдегі жағдаймен танысу үшін Қазақстанға шақырды.
Ол елшіні келесі жылдың орта шенінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі дінден съезіне дайындық туралы құлағдар етті.